Шавкат Рахмонов Дохадағы UFC турнирде Асу Алмабаевты қолдайды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов 22 қарашада Катардың Доха қаласында өтетін UFC Fight Night турнирінде өз отандасы Асу Алмабаевқа қолдау көрсетеді.
АҚШ-тың ММА-промоушны тарихында Катарда алғаш рет өтетін бұл турнирде Рахмонов UFC-дің аса жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Алмабаевтың бұрышында болады.
Аталған турнирде Алмабаев UFC рейтингінде жетінші орында тұрған, чемпиондық белбеуге бұрын үміткер болған америкалық Алекс Переспен жекпе-жек өткізеді.
Асу Алмабаев соңғы кездесуін 27 шілдеде Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC on ABC 9 турнирінде өткізіп, перулік Хосе Очоаны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.