×

Ризабек Айтмұхан қатысқан финал ірі есеппен аяқталды

Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 19:40
Ризабек Айтмұхан қатысқан финал ірі есеппен аяқталды
Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан құрамасының еркін күрес өкілі Ризабек Айтмұхан Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды.

Біздің балуан 97 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінің финалында жеңіліс тапты.

Шешуші белдесуде қазақстандық спортшы Ираннан келген Амир Али Азарпирмен күресті.

Қарсылас мықтырақ болып, айқаста 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Ризабек Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр