×

Әйелдер боксы: Назым Қызайбай жартылай финалға шықты

Бокстан ең жеңіл салмақтағы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz

03.08.2024, 20:09
Сали Сабиров

Ол 50 келідегі Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) 4:1 есебімен сенімді ұтты.

Енді Назым финалға берілер жолдаманы үшін 2023 жылғы әлем чемпионы, осы салмақтың басты фавориті – Ю Вумен (Қытай) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Әлем чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. Ал Ингрит Лорена - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен үшінші рет Олимпиадаға қатысып тұр.

Новости партнеров