Танымал Х-аккаунт «The MMA Guru», аралас жекпе-жек туралы жазатын блогер, қазақстандық Бекзат Алмахан (12-3) мен грузин Александр Топурия (7-1) арасындағы UFC жекпе-жегіне қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алмаханның бұл жолғы жекпе-жегі көптің көңілінен шықпаған секілді.
«Алмахан ойлағанымдай мықты емес екен. Бастапқыда жылдам болды, бірақ шынымен интеллекттің мүлде жоқтығы байқалды. Тактика жоқ, жекпе-жекке жоспар жоқ. Тек біреуді ұстап қалуға үміттенді. Топурияның сабырлылығы жақсы, ол Илия деңгейіне жақын деп ойламаймын, бірақ екеуінде ортақ қасиет – салқынқандылық», – деп жазды «The MMA Guru».
Жекпе-жек UFC Fight Night 265 турнирінде Дохада (Катар) өтті және грузин спортшысының жеңісімен аяқталды. Қазылар бірауыздан Топурияны жеңімпаз деп таныды.