×

Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Қытайдың Бейжің қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

25.11.2025, 09:42
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатында жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Соңғы матчта ұлттық құрама Жапонияны 4:3 есебімен жеңді.

Бұған дейінгі екі кездесуде де қазақстандық хоккейшілер жеңіске жеткен еді. Алдымен Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен ұтты, кейін Қытайды 5:1 есебімен тас-талқан етті.

Осылайша Қазақстан құрлықтық турнирде бірінші орынды иеленді.

Новости партнеров