×

Назым Қызайбай: Қарсыласымнан есемді қайтардым

Бокстан 50 келідегі Назым Қызайбай жекпе-жекке байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

03.08.2024, 20:26
Владислав Семенов

“Жекпе-жек оңай болмады. Өте тәжірибелі боксшы. Бұған дейін осы спортшыдан жеңілген едім. Енді Париж Олимпиадасында есемді қайтардым. Барлығын ақылға салып, алдап кетуге тырыстым. Нәтижесі – жеңіс. Жартылай финалда Қытай өкілі де осал емес. Әлем және Азия ойындарының чемпионы. Енді қарсыласымды зерттеп, жеңістің кілтін табамын деген сенімдемін”

Айта кетейік, жерлесіміз 50 келідегі Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) 4:1 есебімен сенімді ұтты.

Енді 6 тамыз күні жартылай финалда Ю Вумен (Қытай) жұдырықтасады.

Новости партнеров