×

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды

2025 жылғы Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 20:10
Қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды
Ашық дереккөзден

2025 жылы Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) өтетін Әлем чемпионаты Халықаралық бокс қауымдастығы (International Boxing Association – IBA) аясында ұйымдастырылуда. Қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды:

  • 48 кг: Теміртас Жүсіпов — Гаурав Соланки (Үндістан) / Али Нгвандо (Танзания)
  • 51 кг: Даниял Сабит — Келвин Майна (Кения)
  • 54 кг: Сәкен Бибосынов — Катего Кеорапетсе (Ботсвана)
  • 57 кг: Оразбек Асылқұлов — Джозеф (Синт-Мартен) / Санчес Да Силва (Кабо-Верде)
  • 60 кг: Серік Теміржанов — Эрдэнэбатын Цэндбаатар (Моңғолия)
  • 63,5 кг: Ертуған Зейнулінов — Даваадал Алтангэрэл (Моңғолия) / Митч Ледерман (Австралия)
  • 67 кг: Санатали Төлтаев — Джеральд Кабинда (Замбия)
  • 71 кг: Абылайхан Жүсіпов — Альфино Саезар (Индонезия) / Арарат Арутюнян (Армения)
  • 75 кг: Сабыржан Аққалыков — Касилилика (Танзания) / Кузен (Сейшел аралдары)
  • 81 кг: Ерасыл Жақпеков — Эбенезер Зунграна (Буркина-Фасо)
  • 86 кг: Дәулет Төлемісов — Рамон Батагелло Соуса (Бразилия)
  • 92 кг: Нұрмағамед Юсупов — Навруз Джафоев (Тәжікстан)
  • 92+ кг: Нұрлан Сапарбай — Вандаи Амир Эсмаили (Иран) / Иман Раамезанпурделвар (IBA-Pro)

Чемпионат 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыс 13 салмақ дәрежесін қамтиды.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ: 

  • Жалпы сыйақы қоры – 8,32 миллион АҚШ доллары
  • Чемпиондар – 300 мың доллар
  • Күміс жүлдегерлер – 150 мың доллар
  • Қола жүлдегерлер – 75 мың доллар
  • 5-орын иегерлері – 10 мың доллар

Новости партнеров