×

Әділ қарым-қатынасқа лайық- федерация президенті Әлімханұлы туралы

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына пікір білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 20:40
Әділ қарым-қатынасқа лайық- федерация президенті Әлімханұлы туралы
Ашық дереккөзден

Ерденбековтің айтуынша, VADA (Voluntary Anti-Doping Association – Ерікті антидопинг қауымдастығы) федерациясы жүргізген тексерістерге байланысты ресми ұстанымын жариялауды қажет деп санайды.

Федерацияның басты қағидалары – ашықтық, әділдік және халықаралық антидопинг ережелерін қатаң сақтау. Бұл кәсіби боксқа деген сенімнің негізі.

Сонымен бірге ол Жәнібек Әлімханұлының беделі мен спорттағы жолы құрметке лайық екенін атап өтті. Жәнібек әрқашан тәртіпті, таза спорт мәдениетін көрсетіп, көптеген сынақтардан адал өткен.

Федерацияның ұстанымы: жағдайды толық әрі мұқият зерттеу, әр кезеңді қатаң тексеру және барынша ашықтықты қамтамасыз ету.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы халықаралық ұйымдармен байланыста және қажет болған жағдайда заңдық, ұйымдастырушылық, ақпараттық қолдау көрсетуге дайын. Барлық қорытынды тек объективті деректерге сүйенуі тиіс.

Ерденбеков қоғамды, БАҚ пен спортшыларды сабырлы болуға шақырды

«Жәнібек – Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген чемпион. Ол фактілерге негізделген әділ қарым-қатынасқа лайық» – деді Ерденбеков. 

Федерация ресми деректер түскен сайын халықты хабардар ететінін мәлімдеді.

Новости партнеров