×

Нариман Құрбанов: Төгілген терім ақталды

Спорттық гимнастикадан күміс жүлде алған Нариман Құрбанов жарысты қорытындылады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

03.08.2024, 22:59
Нариман Құрбанов: Төгілген терім ақталды
Тұрар Қазанғапов

«3 жыл бұрын ұпайым жетпей, Токио Олимпиадасына бара алмай қалдым. Сол сәтте келесі Олимпиадаға өту үшін, нәтижемді жақсарту туралы ойландым.  Өйткені, бірінші кезекте Олимпиада жүлдесін армандаудан бөлек, Олимпиаданың өзіне жолдама алу өте қиын. Қарсыластардың саны өте көп. Сондықтан жаттығу бағдарламамды толық өзгерттім.  2024 жылға дейін бірде жүлде алсам, бірде қателесіп, жүлдеден тыс қалдым. Психологиялық жағынан тұрақтылық жетіспеді. Енді Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін қолыма ұстап тұрсам да, әлі сене алар емеспін. Жасаған жаттығуым, төгілген терім ақталды.

Бүгінгі жарысқа тоқталсақ. Ұзақ жылдар бойы кәсіби спорт жолында жүргендіктен, бірінші әлде соңғы болып шығу қатты әсерін тигізбейді. Тек бірінші болып бастағанымның бір ерекшелігі – қарсыластарым қанша ұпай алғанын білмедім. Бұл жүйкеге әсерін тигізбеді. Шықтым, өнер көрсеттім, қарсыластарымның нәтижесін күттім».

Айта кетейік, 26 жастағы Нариман Құрбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығу бойынша Париж Олимпиадасындағы алғашқы күміс жүлдені сыйлады.

Новости партнеров