×

Назым Қызайбай арманын орындау үшін сыйға берілген көліктерін сатпақ

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай алдағы жоспарларын айтып, Олимпиададағы жеңісінен кейін сыйға берілген көліктерін сататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulyssport

Бүгін, 10:13
Назым Қызайбай арманын орындау үшін сыйға берілген көліктерін сатпақ
Фото: ҰОК

ТОЛЫҒЫРАҚ

Назым өзі үшін ерекше маңызды үш мақсаты барын айтты. 

- Біріншісі — үш дүркін әлем чемпионы атану. Екіншісі — ата-анама үлкен үй сыйлау. Үшіншісі — өзімнің бокс залымды ашу. Осы мақсаттардың екеуі орындалды, – дейді Назым. 

Спортшы ендігі мақсаты – үшінші арманын орындау екенін айтты. 

- Қазір шағын ғимаратты қарастырып қойдым, ұнап та тұр, соған байланысты бір хабарландырумен бөліскім келеді. Өзімнің әдемі көлігімді сатамын. Бұл көлік маған Олимпиададан кейін сыйға берілген, бір жылдан аса уақыт міндім, жағдайы жақсы. Көлікті жақсы көремін, бірақ арман мен мақсат үшін бұл қадамға баруға дайынмын. Қызығушылық танытқандар жекеге шықсаңыздар болады, болмаса ағама хабарласыңыздар, – дейді спортшы. 

Еске салайық, Назым және бірқатар спортшыға ақшалай сыйақылар, пәтер және көлік кілті табысталған еді

Новости партнеров