2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына Италияда басталуына 50 күннен аз уақыт қалды. Жарыстар 6–22 ақпан аралығында өтеді. Спортшыларды трибунадан қолдауды жоспарлаған жанкүйерлер үшін Olympic.kz билеттерді сатып алу жөнінде толық нұсқаулық дайындады, деп хабарлайды Ulyssport.
САТЫЛУ ЖҮЙЕСІ
Билеттер тек цифрлық форматта ұйымдастырылған. Ұйымдастыру комитеті ресми алаңдардың екеу ғана екенін атап өтті: Олимпиада ойындарының өз билет платформасы және Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми серіктесі – On Location сайты.
Үшінші тарап сервистері немесе жеке делдалдар арқылы алынған билеттер жарысқа кіруге кепілдік бермейді және аренаға кіргізуден бас тартуға әкелуі мүмкін.
Жекелеген жарыстар мен салтанатты рәсімдерге билеттер ресми сайт арқылы сатылады. Қосымша қызметтерді қамтитын пакеттер тек On Location арқылы қолжетімді, басқа авторизацияланған платформалар жоқ.
ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ САТЫЛУ ЕРЕЖЕСІ
Билет алу үшін міндетті түрде тіркелу қажет. Алғашқы кезеңде ең танымал жарыстарға қолжетімділік лотерея арқылы бөлінді, жеңімпаздарға төлем жасау үшін 48 сағаттық уақыт берілді. 2025 жылдың көктемінен бастап билеттер ашық сатылымға шықты. Паралимпиада ойындарына билеттер бөлек сатылып жатыр, олардың бағасы айтарлықтай төмен.
БИЛЕТ ҚҰНЫ
Ұйымдастыру комитетінің дерегіне сәйкес, баға саясаты жанкүйерлердің кең ауқымына бағытталған. Ең төменгі билет бағасы – 30 еуро (18 127 теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 23 желтоқсандағы бағамы бойынша). Бұл сомаға, мысалы, хоккей турнирінің алдын ала матчтарына баруға болады.
СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША БАҒАЛАР