×

Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында қанша табыс тапты

Орта салмақта Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында шамамен 1,5 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 20:10
Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында қанша табыс тапты
Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Осы дивизиондағы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) чемпионы, доминикандық Карлос Адамес те шамалас табысқа ие. Ал британдық орта салмақ боксшысы Хамза Шираз 1,2 миллион доллар тапқан. Қазіргі чемпиондар арасында ең көп табысқа қол жеткізген кубалық Эрисланди Лара (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы – WBA) – шамамен 2 миллион доллар.

ӘЛІМХАНҰЛЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның ішінде 11 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

ЖОСПАРЛАНҒАН ЖЕКПЕ-ЖЕК

7 желтоқсанда қазақстандық боксшы Эрисланди Ларамен WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс еді. Алайда кездесу қарсаңында Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылып, жекпе-жек тоқтатылды.

Оның орнына Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36 жеңіс – 5 жеңіліс, 34 нокаут) кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Ал тоқтатылған жекпе-жекте Әлімханұлы IBF және WBO чемпионы ретінде 350 мыңнан 500 мың АҚШ долларына дейін табыс табар еді.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр