×

Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданды деген күдікке ілікті: министр пікір білдірді

Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допингке байланысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 13:10
Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданды деген күдікке ілікті: министр пікір білдірді
Фото: instagram

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тиісті сұрақ Үкіметтегі брифинг барысында министрге журналистер тарапынан қойылды.

— Иә, өкінішке қарай, маңызды жекпе-жек қарсаңында осындай жағдай болды. Алайда екінші сынама ашылады, ол 8 қаңтарға жоспарланған. Жәнібектің командасы да, біз де соны күтіп отырмыз. Ақпарат кейінірек беріледі, — деді Ербол Мырзабосынов.

Ал допинг расталған жағдайда қандай салдар болуы мүмкін деген сауалға министр шешімді Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік пен Халықаралық бокс ұйымы қабылдайтынын айтты.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан мәлімдеме жасады.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, желтоқсан айының басында WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасын тапсырғаннан кейін жанжалға іліккен еді.

Оның қанынан тыйым салынған препарат — мельдоний анықталған. Осыған байланысты кубалық Эрисланди Лараға қарсы үшінші WBA титулы үшін өтуі тиіс жекпе-жек тоқтатылды.

Новости партнеров