Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Спортшы рапирамен семсерлесу жарысында екінші орын алды.
Актаева жартылай финалда Қытай спортшысы Ху Бейниді 15:8 есебімен жеңді.
Ал финалда қазақстандық спортшы Ресей өкілі Стефания Часовниковамен кездесті. Нәтижесінде ресейлік семсерлесуші 15:11 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Софья Актаева Әлем кубогы кезеңін күміс жүлдемен аяқтады.