×

Қазақстандық боксшылар жаңа маусымға дайындықты бастады

Қазақстанның ерлер құрамасының боксшылары жаңа оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Ulyssport.

05.01.2026, 21:40
Қазақстандық боксшылар жаңа маусымға дайындықты бастады
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Былғары қолғап шеберлері жаңа маусымға дайындықты Түркістан облысындағы оқу-жаттығу базасында өткізіп жатыр.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығу жиынына 50 спортшы қатысып жатыр.

– Еліміздің барлық өңірінен жиналған боксшылар физикалық және функционалдық дайындықтарын арттырумен қатар, жалпы жаттығу көлемін жинақтауға басымдық береді. Сондай-ақ спортшылар төзімділікті арттырып, жаңа маусымда өтетін алдағы жарыстарға қажетті базаны қалыптастырады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны 25 қаңтарға дейін жалғасады.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр