×

Нора Джеруто: Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысқаныма қуаныштымын

3000 метрге кедергімен жүгіру бәсекесінде финалға жолдама алған Нора Джеруто өз эмоциясымен бөлісті, деп хабарлайды Ulyssport.kz

04.08.2024, 13:52
Владислав Семенов

“Қазақстанның атынан Париж Олимпиадасына қатысқаным үшін қуаныштымын. Бұл менің бірінші Олимпиадам. Өте бақыттымын. Жарыста жақсы жағымнан көріне алмаған сияқтымын. Ауыр болды. Енді финалдық жарысты күтеміз. Қолымнан келгеннің бәрін жасайтыныма сенімдімін. Ең қиыны эфиопиялық және америкалық желаяқтармен теке-тірес болды. Оларды озып өту оңай емес екен. Бірақ финалда барымды саламын. Финалда орын алсам деген үмітім бар. Қиын болса да, қолдан келгенін жасаймын”.

Айта кетейік, бұл қашықтықта Уганда спортшысы Перуз Чемутай Токио Олимпиадасында топ жарған және осы іріктеу кезеңінде ең үздік нәтижені тіркеді. Сондай-ақ финалға 2018 жылы 8:44.32 уақыт нәтижесімен әлемдік рекордты жаңартқан Кения желаяғы Беатрис Чепкоеч те қатысады.

Новости партнеров