Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері жартылай финалдық кездесуді қорытындылады, деп хабарлады Ulyssport.kz
«Әлемнің ең мықтылары жиналған жарыста әр кезең оңайға соқпайды. Қарсыластың алдындағы жекпе-жектерін көріп, зерттедік. Осы салмақтағы қандасымыз, әлем чемпионатының күміс жүлдегері – Тоқтарбек Таңатқаннан басым түскен. Жоспар бойынша, Доминикан өкілінің келгенін күтіп, керек жерде нақты соққы жасауды жөн көрдік. Тапсырма 100% дұрыс орындалды. Біраз жігіттердің жетпеген, кеткен еселерін қайтарды деп ойлаймын. Бір ғана шешуші айқас қалды. Барынша тыңғылықты дайындаламыз.»
Финал 7 тамызға жоспарланған.