Нысана көздеуден ұлттық құраманың мүшесі Константин Малиновский мен Арина Алтухова үйленетін болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Алғаш рет Олимпиадада ел намысын қорғаған Константин Малиновский сүйгені Арина Алтуховаға сөз салды. Константин өзінің туған күнінде нағыз азаматқа тән мінез танытып, Парижде ғашығына сезімін білдірді. Әрине, Арина қатты таңғалса да, көп күттірмей өміріндегі ең маңызды «иә» деген сөзін айтты. Туған күнге бұдан артық қандай сыйлық керек десеңізші?!
Осылайша, алматылық спортшылардың 3 жарым жыл бұрын басталған қарым қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Арина мен Константин үшін Париж Олимпиадасының орны ерекше болып қалатыны сөзсіз.
Айта кетейік, осыған дейін Париж Олимпиадасында Қытай құрамасының спортшысы ғашығына аренада жарыс біткен кезде сөз салған.