×

Елдос Сметовты Алматы әуежайынан күтіп алды

Бүгін Қазақстанның дзюдошылары елге оралды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

05.08.2024, 10:50

Дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев елге оралды. 

Естеріңізге салсақ, Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында барша Қазақстандықтар тарихи жеңістің куәсі болды. Дзюдодан екі бірдей cпортшымыз жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жекелей сында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Елдос елімізге Париж Олимпиадасының алғашқы алтынын сыйлады. 

Ал, 66 келі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетейік, бұған дейін тек Рио Олимпиадасында ғана ең көп 2 жүлде (1 күміс, 1 қола) алған болатынбыз.
 

Новости партнеров