×

Грек-рим күресі: Демеу Жадыраев кіммен күреседі?

Бүгін 77 келіде күресетін тәжірбиелі Демеу Жадыраевтың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлады Ulyssport.kz

05.08.2024, 22:15

Жерлесіміз алғашқы айналымда Эквадор өкілі Джейр Куеромен белдеседі. Бұл жұптың жеңімпазы шамамен Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовпен кездесіп қалуы әбден мүмкін. 

Демеу Жадыраев — 2017 жылы Парижде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Азия чемпионатының 2 мәрте жүлдегері (2015, 2018). Ол Токио Олимпиадасының қатысқан.

Сайыстар ертең басталады.

Айта кетейік, бүгін жарыс жолын бастаған Айдос Сұлтанғали (60 келі) мен Әлімхан Сыздықов (130 келі) қарсыластарына жол берді. Алайда қарсыластары финалға шықса, қола жүлдеге таласу мүмкіндігінеие болады.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр