×

Бүгін Олимпиадада Нора Джеруто алтын жүлдеге таласады

Бүгін Олимпиялық ойындарда жеңіл атлет Нора Джеруто финалға қатысады. Ол 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өнер көрсетеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz

06.08.2024, 09:01
olympic.kz

Сонымен бірге жеңіл атлетикадан Давид Ефремов 110 метрге жүгіруден жұбаныш сынында жарысқа шығады.

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР ЖАРЫС ЖОЛЫНА ШЫҒАДЫ

Бүгін байдарка мен каноэде ескек есу шеберлері жарысқа қатысады. Ерлер арасында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров, Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий, әйелдер арасында Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова бақ сынайды.

Грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыраев ел намысын қорғайды.

Спорттық құзға өрмелеудің іріктеу кезеңінде Әмір Маймұратов та күш сынап көреді.

НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ҚОЛҒАП ТҮЙІСТІРЕДІ

Бокстан 50 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді. Ол былтырғы әлем чемпионы қытайлық Ю Вумен жұдырықтасады.

Тікелей эфирде 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні 00:25-те Qazaqstan арнасынан көрсетіледі.

Еліміздің таеквондошылары да қарсыластарын анықтап алды. Ертең 1/8 финалда Самирхон Абабакиров Токио Олимпиадасының чемпионы, италиялық Вито Дель'Аквилламен, ал 9 тамызда 1/16 финалда Батырхан Төлеуғали Мали елінің екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері Исмаил Кулибалимен күш сынасады.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр