×

Бибосынов Олимпиада кезінде мәлімдеме жасады

Парижде боксшы Сәкен Бибосынов  Олимпиаданың ширек финалында 51 келі салмақта Өзбекстанның былғары қолғап шебері Хасанбой Дусматовтан жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

06.08.2024, 13:55
Бибосынов Олимпиада кезінде мәлімдеме жасады
Сали Сабиров

ОЛИМПИАДАНЫ АСЫҒА КҮТТІМ

Токио Олимпиадасында қола медаль алғанымда, Париж Олимпиадасында қайтсемде алтын жүлде алып, мақсатыма жетемін деп ойлаған едім. Сол үшін осында келдім. Осы Олимпиаданы асыға күттім.

Еліме алтын сыйлағым келді. Көк туымыздың көкте қалықтағанын, әнұранымыздың шырқалғанын қаладым. Бәрі сіз бен мен ойлағандай болмады. Шаршы алаңға шыққан спортшының бағы мен бабы келісіп, қатар шабуы керек екен. Бабымда болдым деп ойлаймын. Аздап сәттілік жетіспей, бағым жанбай қалған сияқты. Дегенмен Аллаға сансыз шүкір айтамын. Тағдырыма қазақтың намысын қорғау бақыты жазылған екен.

Мені жеңісте де, жеңілісте де қолдаған барлығыңызға алғыс айтамын. Жылы лебіздеріңіз үшін рақмет!, - деді боксшы.

ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ТӨРЕШІЛЕР ЖЕҢІСТІ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫНА СЫЙЛАЙ САЛДЫ

Еске сала кетсек, Сәкен Бибосынов 51 келі салмақтағы басты фавориттің бірі – Хасанбой Дусматовпен болған жекпе-жекте 2:3 есебімен есе жіберді.

Бұл айқастың бірінші раундында отандасымыз қарсыласынан басым түскенімен, қалған раундтарда төрешілер жеңісті Өзбекстан спортшысына сыйлап жіберді.

Олимпиадада бокс бәсекесінің жартылай финалына шыққан Назым Қызайбайдың әлеуметтік желіде журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген қызықты жауабы шықты.

Новости партнеров