Каноэде ескек есуден спортшыларымыз жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Париж Олимпиадасында каноэде 500 метрге ескек есуден Ұлттық құрама спортшылары Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы іріктеуде өз тобында мәреге 5-ші жетіп, жартылай финалға шыға алмады.
Уақыт көрсеткіші - 1:45.94 секунд.
Енді біздің команда ширек финалда тағы бақ сынап көреді.
Байдаркада ескек есуден ерлердің жұптық бәсекесінде де Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий де өз тобында 5-орынға табан тіреп, ширек финалда өнер көрсетеді.