×

Грек-рим күресі: Демеу Жадраев Олимпиаданың финалына шықты

Грек-рим күресінен 77 келідегі финалистер анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

06.08.2024, 21:46
Сали Сабиров

Грек-рим күресінен 77 келідегі тәжірибелі балуан Демеу Жадраев өте қиын жеребе түссе де, мінез танытып, сенімді түрде финалға шықты. 

Бұған дейін грек-рим күресінен 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында Нұрбақыт Теңізбаев күміс жүлде иеленген. 

ДЕМЕУ ЖАДРАЕВТЫҢ ФИНАЛҒА  ДЕЙІНГІ ҚАРСЫЛАСТАРЫ: 

1/8 финал. Хаир Алексис Куэро 9:0

1/4 финал. Ақжол Махмұдов (Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы) 3:1

1/2 финал. Санан Сүлейманов (Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері) 6:1

Финал. Нао Кусака (2024 жылғы Азия чемпионы, былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)

Новости партнеров