77 келідегі Демеу Жадраев жартылай финалды қорытындылады, деп хабарлады Ulyssport.kz
«Барлық қарсыластарым мықты. Әр балуан өз елінің намысын қорғап жатқаннан кейін ешкімге оңай болмайды. Жауапкершілік жоғары. Әзербайжан балуанымен бұған дейін оқу-жаттығу жиынында кездескенбіз. Бас бапкер Юрий Мельниченкомен бірге арнайы тактика дайындап шықтық. Басты міндетім — күтіп алып, қарсы әдіс жасау еді. Өз жемісін берді. Финалдағы жапон балуанына жеңілген болатынмын. Енді есемді қайтару үшін бар күшімді саламын.»
Ертең финалдық белдесуде жерлесіміз Жапония балуаны Нао Кусакасмен кездеседі.