×

Нора Джеруто: 7 ай бұрын ғана жүгіру жолағына оралдым

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Нора Джеруто Олимпиаданы қорытындылады, деп хабарлады Ulyssport.kz

07.08.2024, 00:40
Нора Джеруто: 7 ай бұрын ғана жүгіру жолағына оралдым
Сали Сабиров

Бүгін 3 000 метрге кедергімен жүгіру сайысының финалдық сайысында Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Нора Джеруто 9-орынға табан тіреп, жүлдегерлердің қатарына кіре алмады.

Яви Уинфред (Бахрейн) — 8:52.76

Перуз Чемутай (Уганда) — 8:52.34

Фейз Черотич (Кения)— 8:55.15

Нора Джеруто (Қазақстан) — 9:08.97

Алайда Кениядан келген спортшымыз биылғы жылдағы ең үздік нәтижесін көрсетті.

“7 ай бұрын ғана жүгіру жолағына оралдым. 6 ай бойы Кенияда тынымсыз дайындалдым. Бірақ Олимпиадада чемпион атану үшін бірнеше ай ғана жаттығу жеткіліксіз екенін барлығыңыз білесіздер. Бұйырса, алдағы уақытта көрсеткіштерімді жақсартып, әлемдік деңгейдегі спортшылармен бәсекеге түсе аламын деген сенімдемін. Алдағы уақытта Қазақстанға баруға тырысамын. Себебі, бұл ел менің арманымды орындауға жол ашты. Енді мен де өз міндетімді өтеуге тиіспін. Париж Олимпиадасы – өмірдің, спорттың соңы емес. Әлі Қазақстанға маңызды деген жүлделерді алып беруге бар күшімді саламын.”

Новости партнеров