Грек-рим күресінен кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлады Ulyssport.kz
Грек-рим күресінен 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде Мохамед Мұстафа Метваллиді таза жеңді.
Енді ширек финалда отандасымыз Олимпиада чемпионы Жан Беленюк (Украина) немесе қытайлық спортшының арасындағы күрестің жеңімпазымен белдеседі.
Мысырлық балуан - Африка ойындарының қола жүлдегері, Африка чемпионы. Ол Токио Олимпиадасына қатысқан.
Нұрсұлтан Тұрсынов былтыр Париж Олимпиадасының жолдамасын алғашқылардың бірі болып жеңіп алған еді.