×

Еркін күрес: Олимпиада жеребесі тартылды

Бүгін еркін күрестегі шеберлеріміздің қарсыластары анықталды деп хабарлайды Ulyssport.kz

07.08.2024, 18:03

🤼‍♂️🇰🇿ЕРКІН КҮРЕСТЕ ОЛИМПИАДА ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

Биыл еркін күрестен Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын  4 балуанымыз қорғайды. 

86 келіде кейінгі 2 әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда АҚШ-тың ішкі іріктеуінде Токио Олимпиадасының чемпионы Давид Тейлордан айласын асырған Аорон Брукспен шеберлік байқасатын болды. 

86 келі. 1/8 финал

Азамат Дәулетбеков — Аорон Брукс (23 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионы) 

Ал 57 келіде Ресей спортшыларының жарыстан бас тартуына байланысты маусым айында ғана жолдамаға иелік еткен Мейрамбек Қартбай Қырғызстан өкілімен шығады. 

57 келі. 1/8 финал

Мейрамбек Қартбай — Бекзат Алмаз уулу (Қырғызстан) 

Еркін күрестегі қос шеберіміз ертең жарыс жолына шығады.

Новости партнеров