×

Еркін күрес: Азамат Дәулетбеков 1/8 финалда есе жіберді

Еркін күрестен Олимпиада бәсекесі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

08.08.2024, 14:42

Еркін күрестен 86 келідегі Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде америкалық Аарон Маркел Бруксқа 3:4 есебімен жол берді.

Енді Аарон ширек финалда Алжир немесе Жапония палуанымен күш сынасады. Егер америкалық финалға шықса, отандасымыз жұбаныш белдесуінде күреседі.

Айта кетейік, бұл Азаматтың алғашқы Олимпиадасы. Ол - әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы, ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы.

24 жастағы Аарон АҚШ-тың Олимпиадаға іріктеу турнирінде Токио Олимпиадасының чемпионы, 3 дүркін әлем чемпионы Давид Тейлорды 2 рет жеңіп, Парижге келді.

Новости партнеров