Еркін күрестен 57 келі салмақта күш сынасқан отандасымыз есе жіберді, деп хабарлады Ulyssport.kz
Еркін күрестен 57 келі салмақтағы Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында қырғыз балуаны Бекзат Алмаз уулудан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Енді Қырғызстанның өкілі ширек финалда АҚШ немесе Қытай спортшысының біреуімен күреседі.
Айта кетейік, Мейрамбек Қартбай биыл Бішкектегі Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.
Егер оның қарсыласы финалға шықса, ол қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алады.