Таеквондодан кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Париж Олимпиадасына барған 80 келідегі ең жас спортшымыз Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Исмаэль Кулибалидан басым түсті. Есеп: 2-1.
Енді Батырхан 1/8 финалда 2 дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиомен (Италия) күш сынасады.
Айта кетейік, Батырхан - жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы. Ал Мали таеквондошысы әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері.