Еркін күрестен аса ауыр салмақтағы балуанымыз бақ сынады, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Еркін күрестен 125 келідегі спортшымыз Юсуп Батырмурзаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Роберт Бараннан (Польша) 1:4 есебімен жеңілді.
Енді Роберт ширек финалда 3 дүркін әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының қола, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Гено Петриашвили (Грузия) немесе әлем чемпионатының қола жүлдегері Александр Хоцяновскиймен (Украина) күш сынасады.
Юсуп Азия чемпионатында топ жарып, күміс жүлдеге ие болған. Роберт - Еуропа чемпионатының 2 дүркін күміс және қола жүлдегері.