×

Қазақ бапкері баптайтын Тунис таеквондошысы Олимпиада чемпионы атанды

Қазақ бапкері Есбол Сұлтанов жаттықтыратын таеквондодан Тунис құрамасы Париж Олимпиадасының екінші жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

10.08.2024, 01:13

Таеквондодан 80 келіде бақ сынаған Тунис спортшысы Фирас Катоуси финалда Иран өкілін жеңіп, Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. Бұл Тунис елінің тарихындағы осы спорт түрінен алғашқы алтын жүлде. Бұған дейін Тунис сапынан 58 келіде өнер көрсеткен Мохамед Халиль Жендуби Париж Олимпиадасының қола жүлдесін иеленген болатын.

Есбол Сұлтанов спортшы ретінде 2007 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионатында ерлер арасында 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған. Сондай-ақ 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында және 2007 жылы Бангкокта өткен жазғы Универсиадада өнер көрсеткен.

Есбол Сұлтанов 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, таеквондодан Тунис құрамасының бас бапкері қызметін атқарады. 

Новости партнеров