×

Беларусьтың екі бірдей теннисшісі Уимблдоннан бас тартты

Беларусьтың екі бірдей теннисшісі Уимблдонға қатыспайды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

01.07.2024, 20:52
Беларусьтың екі бірдей теннисшісі Уимблдоннан бас тартты
Ашық дереккөз

Уимблдон Үлкен Дулыға турнирінде 34 жасар әйгілі Виктория Азаренка ойнамайтын болды. Бұл туралы теннисші бірінші айналым алдында иық жарақатына байланысты қатыспайтыны жөнінде хабарлады. Америкалық Слоан Стивенске қарсы Викторияның орнына француз қызы Эльза Жакмо ойнады.
Бір қызығы кеше дәл осындай себеппен Елена Рыбакинаның  теннистегі басты қарсыласы, Беларусь елінің бірінші ракеткасы Арина Сабаленка иығына шағымданып, жарыстан бас тартқанын хабарлаған еді. 

Денсаулыққа байланысты жарысқа қатыспайтын басқа да теннисшілер:

Александр Фокина (Испания), Екатерина Александрова (Ресей), Елизабетта Кочиаретта (Италия), Корентин Муте (Франция) және Доминик Кепфер (Германия).

Новости партнеров