×

Қазіргі бессайыс: Елена Потапенко Олимпиаданы 15-орынмен аяқтады

Қазіргі бессайыстан отандастарымыз жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

10.08.2024, 15:55
Владислав Семенов

Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан әйелдер арасында А тобының жартылай финалында сынға түскен отандасымыз Елена Потапенко 1301 ұпай жинап, 15-орыннан көрінді. 
Елена Потапенконың әр сайыстағы нәтижесі:
Семсерлесу - 200 ұпай
Конкур - 279 ұпай 
Жүзу - 277 ұпай
Жүгіріп, нысана көздеу (лазер-ран) - 545 ұпай

Ал ақтық сынға осы топтан жақсы нәтиже көрсеткен 9 спортшы жолдама алды. Қалған атлеттер В тобындағы жарыстан кейін анықталады.

Новости партнеров