×

Пернебек Беласар: Бірінші кезеңде қарсыласты шаршату басты міндетіміз болды

Еркін күрестен 97 келідегі Әлішер Ерғали жартылай финалға шыға алмады деп хабарлайды, Ulyssport.kz

10.08.2024, 16:38
Пернебек Беласар: Бірінші кезеңде қарсыласты шаршату басты міндетіміз болды
Сали Сабиров

97 келіде сынға түскен Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудиновке (Бахрейн) жол берді. Есеп: 2-14.

Енді кешке Ахмед жартылай финалда Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы және 2 мәрте күміс жүлдегері Кайл Снайдермен (АҚШ) бозкілемде кім мықтыны анықтайды.

Бұл белдесу бойынша Әлішер Ерғалидың жеке бапкері өз ойын білдірді:

“Бірінші кезеңде қарсыласты шаршату басты міндетіміз болды. Бірақ қарсылас 4 ұпай алып, жоспарымыздың күл-талқанын шығарды. Өте өкінішті. Дайындық барлығы ойдағыдай болып еді. Алайда артылған сенімді ақтай алмадық. Барлығыңыздан кешірім сұраймыз. Енді Ахмед Тажудиновтың финалға шыққанын күтеміз. Егер жеңіп жатса, біз өз мүмкіндігімізді тиімді қолдануға тырысамыз”

Новости партнеров