×

Әмір Закиров үздік сегіздіктің қатарына кірді

Брейкингтен плей-офф кезеңдері басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

10.08.2024, 23:23
Тұрар Қазанғапов

Брейкингтен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Париж Олимпиадасының ширек финалында әлем чемпионы Виктор Монтальвоға (АҚШ) жол беріп, жарысты аяқтады.

Тоғыз төрешінің 3 раунд бойынша есебі: 0-3 (0-9, 1-8, 2-7). Енді жартылай финалда Виктор Данни Денмен (Франция) бақ сынайды.

Айта кетейік, Парижде Олимпиада бағдарламасына алғаш рет қосылған брейкингтен ерлер арасында барлығы 16 спортшы сынға түсті.

Новости партнеров