×

Еркін күрес: Әлішер Ерғали қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды

Еркін күрестен соңғы өкіліміз ертең жарысты жалғастыру құқығын иеленді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

10.08.2024, 22:27
Сали Сабиров

97 келі салмақтың жартылай финалында әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) пен Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы және 2 мәрте күміс жүлдегері Кайл Снайдер (АҚШ) күш сынасты.

Аса тартысты өткен белдесуде Бахрейн палуаны қарсыласынан айласын асырды. Есеп: 6-4. Қос спортшы 2023 жылы әлем чемпионатында да кездесіп, Ахмед Тажудинов басым түскен еді.

Енді ертең отандасымыз Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуіне қатысып, қола жүлдеге таласады. Әуелі ирандық Әли Әмір Азарпирамен күреседі. Егер жеңсе, қола жүлде жолында Кайл Снайдерге қарсылас болады.

Новости партнеров