×

Париж Олимпиадасы: Жабылу салтанатында туды кім ұстайды?

Бүгін Париж Олимпиадасының жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

11.08.2024, 15:34

Бүгін Астана уақыты бойынша 00:00-де Париж Олимпиадасының жабылу салтанаты өтеді. Шараны 80 мың көрерменді сыйдыра алатын “Стад де Франс” стадионы қабылдайды. Біздің елден ту ұстаушы ретінде Елжана Таниева мен Батырхан Төлеуғали шығады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жабылу салтанатында көрермендерді көптеген құпиялар күтіп тұр. Әзірше сахнада 100 акробат, биші, танымал әншілердің қатысатындығы жайлы ғана ақпарат белгілі.

Шоуға керемет көрініс беру үшін әлемдік шоу-бизнес өкілдері шақырылды. Атап айтсақ, Билли Айлиш, Снуп Догг және Red Hot Chill Peppers рок тобы.

Айта кетейік, XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамыз күндері аралығында өтіп, 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр