×

Париж Олимпиадасы: Босқындар құрамасының қандай ерекшелігі бар?

Париж Олимпиадасында үшінші мәрте Босқындар құрамасы бақ сынады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

12.08.2024, 22:34
Париж Олимпиадасы: Босқындар құрамасының қандай ерекшелігі бар?

Осымен 3-ші мәрте жазғы Олимпиада ойындарында Босқындар құрамасы жеке құрам ретінде жүлдеге таласты. 

Әлемде 120 млн-нан астам босқындарға ерекше статус берілген құрам сапынан алғаш рет әйелдер боксынан 75 келідегу Синди Нгамбаға қола жүлде бұйырды. 

Бұл спортшы Бусто-Арсициодағы әлемдік іріктеуде отандасымыз Валентина Хальзованы жеңген болатын. 

Рио Олимпиадасы — 10 қатысушы
Токио Олимпиадасы — 29 қатысушы 
Париж Олимпиадасы — 37 қатысушы

Қай елдерден қатысты? 

Иран — 14
Сирия — 5
Ауғанстан  — 5
Куба — 2
Эритрея — 2
Эфиопия  — 2
Судан — 2
Оңтүстік Судан — 2
Конго —1 
Камерун —1 
Венесуэла —1

Бір қызығы бұл құрамдағы барлығын босқын деуге келмес. 

Таеквондошы Кимия Ализаде 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, осы спорт түрінен Иран тарихында қола жүлде алған алғашқы спортшы атанды. 

2021 жылы Токио Олимпиадасында Босқындар құрамасы сапында өнер көрсетті. Бірақ жүлде алмады. Алайда 2022 жылы Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болды. 

Ал 2024 жылы Болгария азаматтығын алып, Париж Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. 

Бұл жайт Ираннан кетушілердің санын күрт арттырып жіберді. Мысалы, Рио Олимпиадасында Босқындар сапында бірде-бір Иранның өкілі болмаса, Токио Олимпиадасында 5 спортшы Ираннан келді. Ал Париж Олимпиадасында олардың саны 14-ке өсті. 

2021 жылы ауыр атлетикадан Сауд Арабиясында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Йекта Джамали күміс жүлде иеленді. Бұл Иран тарихындағы алғашқы жайт ретінде тіркелді. Артынша бұл жетістік оның қудалануына әсер етіп, Германияға кетуіне мәжбүр болды.

Сол секілді Иранның спортшысы Израиль өкілімен түскен жағдайда автоматты түрде бас тартуы тиіс. Мысалы, дзюдодан 100 келі салмақта Азия чемпионы Джавад Махжуб (Иран) 2011 жылы Әлем чемпионатында, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында белдесуден амалсыздан бас тартуға мәжбүр болған. Кейін ол бұл жайтқа шыдамай,  Токио Олимпиадасында Босқындар құрамасында өнер көрсетті. Алайда жүлде алмады.

Новости партнеров