×

Томас Бах ХОК президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах аталған ұйымның 142-сессиясында өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін қызметінен кететінін айтты, деп хабарлады Ulyssport.kz.

14.08.2024, 17:46
Томас Бах ХОК президенті қызметінен кететінін мәлімдеді
globallookpress.com LiveResult онлайн: https://www.liveresult.ru/news/Olimpiada/235600-Izvesten-pervyy-pretendent-na-post-glavy-MOK-posle-uhoda-Tomasa-Baha

Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетіне 2013 жылдан бері басшылық жасап келеді. 2021 жылы төрт жылдық мерзімге қайта сайланды. Бұл олимпиялық хартия бойынша соңғы мерзім ретінде саналады. Осыған байланысты ХОК-тің бірқатар мүшелері Бахтың өкілеттілік мерзімін ұзартуға қатысты регламентті өзгерту жөнінде ұсыныс білдірген еді.

ХОК-ТЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ 2025 ЖЫЛЫ САЙЛАНАДЫ

Халықаралық Олимпиада комитеттің жаңа президентін сайлау 2025 жылдың наурыз айында болады.

Томас Бах қажет болған жағдайда өз ізбасарына көмектесуге дайын екенін айтты.

Ол кезінде 1976 жылы командалық сайыста семсерлесуден Олимпиада чемпионы атанған.

Биылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальге ие болды.

Новости партнеров