×

Артаев Қазақстан бокс құрамасына жаңа бас жаттықтырушыны ұсынды

Бокстан 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Қазақстан ерлер құрамасының 10 жаттықтырушысы жұмысынан босатылғаннан кейін ұлттық құрамаға бас жаттық тырушы болуға лайық адамның есімін атады, деп хабарлады Ulyssport.kz.

16.08.2024, 16:08
Әлеуметтік желіден біріктірілді

Ол бұл орынға өзінің бұрынғы жеке бапкері лайық екенін айтты.

«НҰРЛАН АҚҮРПЕКОВ ЛАЙЫҚ»

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болуға Нұрлан Ақүрпеков лайық, - деді ол өзінің Instagram-парақшасында.

Ал әзірше ұлттық құрамаға әлі бас жаттықтырушы тағайындалған жоқ.

Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілген еді. Сол кезде бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов пен бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр