×

Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының тізімін жариялады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов команданың Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия мен Словенияға қарсы матчтарға кеңейтілген құрамын жариялады, деп хабарлады Ulyssport.kz.

19.08.2024, 18:44
Алексей Сисенбин

Қазақстан мен Норвегияның матчы 6 қыркүйекте, Словениямен ойын 9 қыркүйекте болады.

Осы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. 

ТІЗІМГЕ 36 ОЙЫНШЫ ЕНДІ

Құраманың тізімге 36 ойыншы кіріп отыр.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Михаил Габышев («Елімай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Талгат Кусяпов («КАМАЗ», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Александр Зуев, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»);

НАҚТЫ ТІЗІМ КЕЙІН БЕЛГІЛІ БОЛАДЫ

Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін. Айта кетейік, Станислав Черчесов бастаған жаттықтырушылар штабы Максим Самородов пен Сағадат Тұрсынбайдың жарақатынан хабардар. Қазір  «Ахмат» пен «Ордабасы» футбол клубтарының дәрігерлер штабымен байланыста. 

Оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйек күні Алматы қаласында басталады. Нақты тізім кейінірек белгілі болды.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч болады.

6 қыркүйекте ұлттық құрама Алматы қаласының Орталық стадионында Норвегияға қарсы ойнайды. Матчтың 19:00-де басталады. Билеттер ticketon.kz сайтында сатылады. 

Үш күннен кейін ұлттық команда Словенияға қарсы сырт алаңда Любляна қаласында «Стожице» стадионында болады.

Матч  Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.

Станислав Черчесов биыл футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалған еді.

Новости партнеров