Қазақстан бокс федерациясы Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде көптеген жарыстарда жүлде салған Мырзағали Айтжановқа шапан жауып, құрметпен шығарып салды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», - деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.
Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Бұған дейін Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілген еді. Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданған.
Осылайша, келесі өзгерістер жайында федерация:
Бас бапкер болып Мырзағали Айтжановтың орнына Қайрат Сәтжанов келді.