×

Рекорд: Роналдудың кеше ашылған youtube-арнасына 20 млн адам жазылды

«Әл‑Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің YouTube арнасын ашты. Португалдық футболшы бір сағаттың ішінде арнада 1 миллион жазылушы жинап, бір тәуліктен кейін жазылушы саны 20 млн адамнан асып кетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

22.08.2024, 18:42
ашық дереккөзден

– Мен бұл жобаның жүзеге асқанына өте қуаныштымын. Ұзақ ойланған едік, бірақ ақырында біз оны шындыққа айналдырдық. Мен әрқашан әлеуметтік желілерде жанкүйерлермен осындай берік қарым-қатынаста болғанды ұнатамын. YouTube каналым бұл үшін маған тағы бір үлкен платформа берді. Мен мұнда өзім, отбасым, әртүрлі тақырыптар жайлы көзқарастарымды көбірек айтатын болам. Мен сондай-ақ адамдарды таңғалдыратын қонақтармен әңгімелерді асыға күтемін!- деді Роналду. 

Бірінші бейне жарияланғаннан кейін бір сағат ішінде "UR · Cristiano" деп аталатын арнаға 1 миллионнан астам адам лайк қойды. Бұған дейін 7 сағатта 1 млн оқырманды K-Pop орындаушысы Дженни Ким ғана жинаған еді. YouTube-тегі ең танымал блогер– 311 миллион жазылушысы бар MrBeast. 

Новости партнеров