Әбиба Әбужақынова Парижден оралғалы осымен үшінші көлікті сыйға алып жатыр.
Париж Олимпиадасында бесінші орын алған қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстандық дзюдошы Instagram Stories-інде видео жариялап, қуанышымен бөліскен.
Әбиба Әбужақынова Парижден оралғалы осымен үшінші көлікті сыйға алып жатыр. Ең бірінші болып дзюдошыға "Республика" партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров көлік мінгізсе, кейін Атырау облысының әкімі де темір тұлпардың кілтін табыстаған болатын.
Еске салсақ, Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 келіде өнер көрсетті. Ол қола жүлде үшін тартыста швециялық балуанға есе жіберіп, бесінші орын алды.