×

Рыбакина Уимблдон финалына шыға алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды ulyssport.kz тілшісі.

11.07.2024, 23:20
Wimbledon

Қазақстандық теннисші жартылай финалда Ролан Гаррос-2021 чемпионы, чех қызы Барбора Крейчиковамен ойнады. 

Елена Рыбакина 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 8 эйс орындап, 3 қос қателік жасады.

Енді Чехия теннисшісі турнирдің финалында Италия спортшысы Ясмин Паолинимен ойнайды.

Новости партнеров