×

US Open: Бублик алғашқы айналымда қытайлықтан жеңілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық біріншілігінің бірінші айналымында жеңіліс тапты, деп хабарлайды ulyssport.kz 

27.08.2024, 00:28
Ашық дереккөз

Жерлесімізді әлемдік теннис рейтингіде 72 -орында тұрған Қытай теннисшісі Шан Цзюньчэн жарыс жолынан шығарды. 

Бублик 3,5 сағатқа созылған тартысты матчта 21 эйс, 10 қосар қателік жасап, бес сеттің қорытындысы бойынша 4:6, 6:3, 7:5, 3:6, 4:6 есебімен жеңілді. Осылайша жылдың соңғы Үлкен дулыға турниріндегі бәсекесін аяқтады.

Бүгін тағы бір отандасымыз Александр Шевченко неміс спортшысы Доминик Кепферге қарсы ойнайды.

Новости партнеров