АҚШ ашық біріншілігінің бірінші айналымында Елена Рыбакина Аустралия теннисшісін екі сетте ұтып, турнирдің келесі айналымына өтті, деп хабарлайды ulyssport.kz
27 тамыз Үлкен дулыға турнирінің бірінші айналымдық матчтары жалғасып жатыр. Отандасымыз Елена Рыбакина әлемдік рейтінгіде 189 орында тұрған 24 жасар Дестани Габриелла Айявиге (Аустралия) қарсы ойнап, жеңіске екі сетте қол жеткізді. Есеп 6:1, 7:6(7:1).
Қазақстандық спортшы ойын барысында 11 эйс, 7 қосар қателік жасаса, қарсыласы 5 эйс, 5 қосар қателікпен көзге түсті. Теннисшілер матч бойынша төрт брейк жасады, оның үшеуі Рыбакинаға, біреуі Айявиге тиесілі.
Қазір басымнан қиын кезең өтіп жатыр. Алайда кез келген матчқа түрлі қиындықтарға қарамастан жеңу үшін шығамын. Бүгінгі жеңісіме қуыныштымын. Дәл қазір қасымда маған қолдау көрсету үшін келген жандар бар. Оның ішінде Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин де бар. Барлығына, сондай-ақ матчқа келген көрермендерге алғыс айтқым келеді, - деді матчтан соң Қазақстанның бірінші ракеткасы.
Елена Рыбакинаның US Open-нің екінші кезеңінде француз Джессика Пончемен бәсекеге түседі. Джессика әлемдік рейтингіде 143 орында тұр.
Бүгін таңертең квалификация арқылы турнирдің негізгі сайысында бақ сынаған тағы бір теннисшіміз Тимофей Скатов бірінші айналымда Польша спортшысы Хуркачқа тартысты кездесуде 3:6, 6:7 (4:7), 6:7 (3:7) есе жіберді.