×

Бір күміспен оралған Қазақстан боксшылары Олимпиададан қанша медаль әкелуге уәде берген

Астанада Париждегі Олимпиада қорытындысына арналған алқа отырысы өтті. Оған журналистердің көбі шақырылмаған. Іс-шараның өткізілгені жөнінде ақпаратты отырыс өткен соң Туризм және спорт министрлігі таратты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

28.08.2024, 14:46
Бір күміспен оралған Қазақстан боксшылары Олимпиададан қанша медаль әкелуге уәде берген
Коллаж Ulysmedia.kz

Отырыс басында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев белгілі бір спорт түрлеріндегі нәтижені жақсарту қажеттігін атап өткен.

– Бокстан ерлер құрамасы барлық салмақ дәрежесінде шықты. Қабылданған міндеттемелерге сәйкес олар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға уәде берді. Шын мәнінде, команда тек 1 күмісті жеңіп алды. Екінші ойындар қатарынан спортшылар бірде-бір алтын медальсыз қайтып келді.

Қазақстанның бокс мектебі өзінің жетекші позицияларының арқасында әлемдік спорт аренасында әрдайым танымалл болған. Біздің боксшылар 1996 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, барлығы 61 спортшы қатысып, 22 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 7 күміс және 8 қола. Бокстан ұлттық құрама бұл Олимпиадада жақсы нәтиже көрсеткен жоқ, - деді министр.

Бұған дейін Қазақстанда Париж олимпиадасының қорытындысы шығарылған болатын.

Парижде 2024 жылғы Олимпиада аясында соңғы жарыс күні өтті. 

Биыл қазақстандық спортшылар тек жеті медаль - бір алтын, үш қола және үш күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан қатарынан екінші Олимпиаданы бокстан "алтын" ала алмады.

Новости партнеров